Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері мен білімгерлері арасында «WorldSkills Zhambul-2019» облыстық чемпионаты өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс.
«Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2019 жыл-Жастар жылы аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында 15 сәуір-Қозы Қөрпеш –Баян сұлу күніне орай өткен аудандық «Махаббаттыз кім сүрмек» атты қазақша КТК сайысына №7 Бетқайнар колледжінің «БК жастары» командасы белсенді қатысып алғыс хат пен сыйлық иегері болды.
7 сәуір-дуниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «№7 Бетқайнар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында колледж студенттерімен «Денсаулық зор байлық» тақырыбында тренинг пен флешмоб өтті.
Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 4-17 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы №7 Бетқайнар колледж бойынша Кәмелетке толмағандардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында бірқатар іс-шаралар өтті.
29 наурыз 2019 жылы Бетқайнар ауылы, №7 Бетқайнар колледжінде «Жамбыл облысы білім басқармасы және Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлескен семинар-практикумы» өтті.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 2019 жылдың 20 наурызында №7 Бетқайнар колледжінде "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өткізілді.















