"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері мен білімгерлері арасында «WorldSkills Zhambul-2019» облыстық чемпионаты өткізілді.


Аталған іс-шараға №7 Бетқайнар колледжінен «Пісіру ісі», «Киімдерді үлгілеу және дизайн», «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша білімгерлер қатысып жүлделі орындарға ие болды. «Киімдерді үлгілеу және дизайн» құзыреттілігі бойынша №7 Бетқайнар колледжі 3 курс, 34 топ білімгері Кубанычбек кызы Анжелика ІІІ орынға ие болды. «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша 31 топ білімгері Нысанбаев Алмас алғыс хат пен жүлде иегері атанды.

.