"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

№7 БЕТҚАЙНАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

Оқуға қабылдау комиссияның жұмысы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес  жүргізілді  (Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен)

Колледж ішілік жоспарға сәкес,абитуриенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстары 2022  жылдың сәуір  айнан  басталды

№7 Бетқайнар  колледжіне оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен  тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.

Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы болып Масадыкова Роза    тағайындалады.Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымының басшысы – Алмбаева Гульнара Едилбаевна

Қабылдау комиссиясы абитуриенттермен әңгімелесу кезінде бейнежазба жүргізді, ол мекеме мұрағатында кемінде бір жыл сақталады. Тұлғалардың ТжКОББ  ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау: білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында өтті  .

Тұлғалардың №7 Бетқайнар колледжіне оқуға өтініштерін қабылдау https://betkaynar-college7.kz/ru/o-nas.html- порталы  арқылы  жүзеге асты, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес құжаттар топтамасы ұсынылды College SmartNation - техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай портал*, колледждердің жалпыға қол жетімді тізілімі және колледжді басқару жүйесі

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер ТжКОББ ұйымының тіркеу журналдарына тіркелді

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік (жұмысшы біліктілік), мамандары  үшін әңгімелесу жүргізілді. Орта буын, мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ТжКОББ ұйымдарына мемлекеттік тапсырысы бойынша тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес жеке әңгімелесуді өткізді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітті

Әңгімелесудің нәтижесі бойынша  Апелляцияға өтініш түскен жоқ

Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады

Әңгімелесудің қорытындысы "Өтті" немесе "Өтпеді" деген нысанда бағаланады

техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың 2021-2023 оқужылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша-215 студент  қабылданды.  Келесі мамндықтарға:

7161600 - Ауыл шаруашылығын механикаландыру (3W07161603 - Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі) ,9 сынып негізінде -  65 студент

07230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (3W07230102 - Арнайы тігінші) 9 сынып негізінде – 25 студент 

307150500 - Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) (3W07150501 - Электргазымен дәнекерлеуші) 9 сынып негізінде- 25  студент

407161600 - Ауыл шаруашылығын механикаландыру (3W07161603 - Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі)   11 сынып негізінде  25  студент 

606130100 - Бағдарламалық қамтамасыз ету (4S06130105 - Ақпараттық жүйелер технигі) 9 сынып негізінде -25 студент 

707230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (4S07230107 - Техник-технолог)  9 сынып негізінде- 50 студент  

Орта буын мамандарын мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына даярлау бойынша – 75 абитуриент  құжат  тапсырды, орта  балл есептеу нәтижесінде -75 абитуриент  өтті.

2021-20211 оқу жылына барлығы-215  студент бұйрықпен   қабылданды, оның  -45 мақсатты мемлекеттік тапсырысқа сәйкес мамандары  даярлау  бойынша

 

Исмагамбетова Н.Ж