"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарының 19 - тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын қызметін жүргізетін облыстық білім басқармасына қарасты мекеме басшыларының жылдық есебін тыңдау кестесі бойынша 2024 жылдың 25 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «№7 Бетқайнар колледжі» КМҚК директоры Алимбаева Гульнара Едилбаевнаның 2023 жылы атқарылған жұмыстардың жылдық есебі колледж базасында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Жайлышева Алтынай Жайлышевнаның, № 7 Бетқайнар колледжі әкімшілік - басқару персоналы, колледж оқытушылары, қамқоршылық кеңес мүшелерінің, ауыл әкімшілігі өкілдері, әлеуметтік серіктестер, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Жылдық есепте білім беру процесін ұйымдастыру, материалдық - техникалық, сондай - ақ колледжді ресурстық қамтамасыз ету мәселелері айтылып, колледж,оқытушылардың жетістіктері және жұмсалған қаражаттың есебі тыңдалды. 2024 жылға арналған стратегиялық даму жоспарды іс - шараларын іске асыру үшін алға қойылған межелі мақсат - міндеттерді таныстырды. Шараға қатысушылар жарыссөзге шығып, мекеме басшысына алғыстарын білдірді.



Атауы Жүктеу
1 Директордың есебі 2024 жыл  

 

 

 

Толығырақ....