"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49
7 Бетқайнар колледжі ұжымының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толуынаарналған "Ел тірегі Тәуелсіздік" атты құттықтау челленджі.


Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің 30 жыл толуына арналған, 7 мамыр Отан қорғаушылар, 9 мамыр-Жеңіс күніне орай студенттермен "Ерлік сабағы" ұйымдастырылды.

Іс - шараға лейтенант Әзімханов Абзал Мұратұлы Бетқайнар шекара бөлімшесі бастығының орынбасары мен аға лейтенант Дүйсенбаев Ділмұрат Бақытұлы қатысты. Әскери жоғары оқу орнына түсуге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, және де Отан алдындағы Ата заңымызда жазылған әрбір азамат борышын атқаруға міндетті екенін айтылды. Студенттердің қызығушылығы артып, колледж бітірген соң әскерге баруға немесе әскери оқу орындарына түсуге өз талаптарын білдірді. Кездесуді колледждің АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы лейтенант Ш. Фатулаев қорытындылады.