"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Мансап және кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы №7 Бетқайнар колледжі  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Орталықтың миссиясы; Студенттің , түлектің, маманның тиімді мансаптық жолын қалыптастыру және жүзеге асыру,болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету.

 

Орталықтың қызмет мақсаты;

- студенттің, түлектің маманның мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру;

-Еңбек нарығына талап етілетін студенттердің «Soft Skills» дағдыларын қалыптастыру;

- еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектің және маманның  кәсіби шеберліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.

 

Орталықтың міндеттері;

-Мамандарға қажеттілікті ескере отырып, мамандық таңдауға көмек;

-Өңірдегі сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізуде мұғалімдердің, жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларының, жұмыс берушілердің, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен басқа да мүдделі тараптардың ата-аналарының белсенді қатысуын көздеу жоспарын жүзеге асыру;

-жұмыс беруші серіктестермен келіссөздер жасау, кәсіптік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы шарттар жасау;

- БАҚ құралдарына мақала жазу

-колледж студенттерін өндірістік орындарға саяхат ұйымдастыру

-ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу.

-колледж түлектерінің  мансаптық жоспарларын іске асыруғу көмек көрсету;

-түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- түлектердің кәсіби дағдылары мен іскерліктерін дамыту үшін, , сондай-ақ олардың еңбек нарығына табысты бейімделуі үшін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру;

- тәжірибеден өту орнын таңдауға жәрдемдесу;

 

Орталықтың құрылымы