2024 жылдың 12 наурыз күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» №83 бұйрығына енгізілетін өзгерістерді талқылау және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша №7 Бетқайнар колледжінде «Шебер ұстаз - табысты студент» тақырыбында оқыту семинары өтті. Аттестаттау қағидаттары мен шарттары Жобасын таныстыру, түсіндіру, ақпараттандыру мақсатында семинар спикерлері ретінде колледж әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, облыста құрылған Жұмысшы тобы (мобильді топ) мүшелері семинарға онлайн форматта талқылауға бірге қатысып, педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс, пікірлерді жинақтап талдау жасап отырды.
Іс-шара аясында жобадағы өзгерістер, алдағы уақытта атқарылатын шаралар, аттестаттау философиясы мен «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы жан- жақты талқыланып, сауалдарға жауап берілді. Педагогтердің ұсыныс-пікірлері ескеріліп, ақпарат жинақталды.
Семинардың басты мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы дәйекті және тиімді жұмыс атқаруы үшін жаңа Қағидат талаптарын толық түсіну мен сенімділікті қамтамасыз ету. Табысты білім беру жүйесін құруда білім беру ұйымдарының әр педагогінің талқылауға қатысуы мен кері байланысы маңызды рөл атқарады. Сондықтан өткізіліп жатқан оқыту семинарларына педагогтердің белсене қатысуларын, білім беру ортасын бірге жақсартуға күш салуларына баса назар аударылды.












