"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс.


Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе. Қазіргі таңда «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуда.Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаудамыз. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» — деп көрсетеді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында. Әлемдік өркениетпен жан-жақты интеграцияға түскен біздің халқымыз үшін ағылшын тілін үйрену ұлтымыз үшін игі мұраттардың бірі болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ ағылшын тілін үйрену мен оқытудың іс жүзіндегі қажеттілігін сезінуде. Осыған орай халықаралық стандарттарға сай білім алуды мақсат етеді. Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағынына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді. №7 Бетқайнар колледж жастары мен оқытушылары күнделікті азанғы жиында үш тілдікті меңгеруде.