Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 2019 жылдың 20 наурызында №7 Бетқайнар колледжінде "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту ортылығының менеджерлері Пернебаева А.А., Бектемиров С.М. қатысып қайтты.
Мерекелік іс-шара Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен байланыстырылды. Қазақ үйге мақала бойынша көрме жасалды. Іс-шара барысында келген қонақтар алма ағаш егу рәсіміне қатысты. №7 Бетқайнар колледжінің 1 курс білімгері Атқа міну мәдениетін көрсетті.
Іс-шара барысында Қазақтың ұлттық ойындары бойынша "Қол күрес", "Арқан тарту", "Қошқар көтеру" жарыстары өтті. Ұлттық ойындар жарысына 5 колледж белсене қатысты. Айта кетсек, №10 Шу колледж, Қордай ауылшаруашылық колледж, №9 Меркі колледжі, Қордай гуманитарлық экономикалық колледж, №7 Бетқайнар колледжі.
Нәтижесінде: Қол күрестен 3 орын Қордай ауылшаруашылық колледжінің білімгері Туршиди Илья иеленді. 2 орын №10 Шу колледжінің білімгері Таңатар Мейрлан ие болды. 1 орын №9 Меркі колледжінің білімгері Бурлаков Алимурат ие болды.
Арқан тартудан 3 орын №9 Меркі колледжі, 2 орын Қордай ауылшаруашылық колледжі, 1 орын №10 Шу колледжі иемденді.
Қошқар көтеруден 1 орын Қордай гуманитарлық экономикалық колледжінің білімгері Ахат Багдат алды.
https://betkainar-college7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/126-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeId85b71e340e












