КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА
Алимбаева Гульнара Едилбаевна
Директор
1 санатты басшы, физика-математика пәнінен педагог-зерттеуші
Миссиясы:
«Бәсекеге қабілетті, еңбек нарығының талаптарына сай, кәсіби құзіретті, жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау арқылы өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына үлес қосу»
Пайымдауы:
Аймақ пен елдің индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосатын, заманауи білім беру технологияларын енгізген, жоғары интеллектуалдық, бәсекеге қабілетті, сапалы білім беретін колледжге айналу..
Стратегиялық мақсаты:
Заманауи талаптарға сай сапалы техникалық білім беру, материалдық-техникалық базаны жаңарту, инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және еңбек нарығымен тығыз байланыс орнату.
Колледжде келесі мамандықтар бойынша білім беріледі:
07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру

Бiз туралы
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№7 Бетқайнар колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Колледж 1974 жылы құрылған. Кірпіштен тұрғызылған 706 білімгерге арналған екі қабатты оқу корпусы бар.
Колледждегі қызметкерлер саны -100. Колледжде тек күндізгі оқу бөлімі ғана қарастырылған. Оқу кабинеттері жеткілікті . Бір ауысымда оқиды.

















