"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Басқарма басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы облыстық «Үздік педагог 2024» байқауының жеңімпаздарымен кездесіп, бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Басқарма басшысы мұғалімнің білім беру мен бала тәрбиесіндегі айрықша рөлін және олардың еңбегі мен жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет білім беру саласын дамыту мен педагогтеріміздің еңбегін лайықты бағалауға аса мән береді. Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз, сондықтан біз білім мен тәрбие беру арқылы ұрпақтардың қалыптасуына жанашырлық танытқан ұстаздарға қай уақытта да жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз. Біздің ортақ міндетіміз - сапалы білім мен тәрбие беру, өскелең ұрпақ үшін ең жақсы үлгілерді қалыптастыру, білім мен мүмкіндіктер беретін қоғам құру. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деді Рауан Нұрғалиұлы. Аталған іс-шарада жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы шығармашылық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері үшін облыстық “Үздік педагог-2024” байқауында орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Лукьянова Светлана Николаевна - “Креативті педагог”, арнайы пән оқытушысы Абдулмаксут Айнур “Ізденімпаз педагог”номинацияларымен марапатталды.

Педагогтерді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!