«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты Бетқайнар ауылындағы №7 колледжге арнайы барып, 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттермен және колледж оқытушыларымен кездесу өткізді.
Басқосу барысында жұмысшы мамандық иелеріне бүгінгі таңда сұраныс жоғары екенін, ел экономикасының негізгі тірегі — осы маман иелері екенін атап өтіп, нақты кәсіп игеру қазіргі заман талабы екенін жеткіздім.
Кездесу барысында колледж оқытушылары мен студенттері өз ойларын ортаға салып, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жұмысшы мамандықтарды оқытатын тәжірибелі ұстаздардың тапшылығы, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жаңартылу қажеттілігі, сондай-ақ бұл бағыттағы мамандықтарға оқушыларды тартудағы қиындықтар сөз болды.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы мен оның жанындағы Әйелдер қанатының жұмысшы мамандықтарды қолдауға бағытталған нақты бастамалары таныстырылып, алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, кәсіптік білім беру саласын қолдауға, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға, ұстаздарға жағдай жасауды көздейтін партиялық жобалар бойынша да айтылды.












