«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет»
Президент жолдауынан
2019 жылдың 20-шы желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Қырғызстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы бастауыш кәсіптік білім беру агенттігі арасында жасалған меморандумға сәйкес кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионаттың мақсаты- әлемдік тәжірибе алмасу және кәсіби стандарттарды үйлестіру арқылы кәсіби мамандықтардың беделін көтеру және кәсіби білім беруді дамыту болды. Чемпионатқа Қырғызстан Республикасы Токмок индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері Урманов Усен, Жумалиева Сезим, №7 Бетқайнар колледжінің студенттері Керимова Зульфия, Воинцеева Зейнеб, Таджимуратова Жулдыз, Раимбаева Дильназ қатысты. Чемпионат қонақтары: Қырғыз Республикасы Тоқмақ индустриалды-педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Абдыканова Ырыс Жуматаевна және Қырғыз Республикасы Тоқмақ индустриалды-педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы – Жылкычиева Айзада Айылчиевна
Сарапшылар: 1.Қырғыз Республикасы ЖШС “ДИЛЯР-ТЕКСТИЛЬ” құрастырушы-технологы, сарапшы Давлеткулова Зауреш Кенжетаевна 2. Қордай ауданы ЖШС „Аленсия“ цех басшысы Булавина Надежда Ивановна . Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша І орынды №7 Бетқайнар колледж студенті Керимова Зульфия мен Воинцеева Зейнеб, ІІ орынды Токмок индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері Урманов Усен, Жумалиева Сезим мен №7 Бетқайнар колледжінің студенттері Таджимуратова Жулдыз, Раимбаева Дильназ иеленді.
https://betkainar-college7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/178-k-sibi-sheber-chempionaty.html#sigFreeId2b228b4c7a












