Түркістан облысының Арыс қаласындағы 24 маусым күні орын алған төтенше жағдайға байланысты, Арыс тұрғындарына көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы бастау алған.
Жамбыл облысының Кордай ауданындағы №7 Бетқайнар колледжі де бұл акцияға қатысты. Колледж қызметкерлері болған қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік жалақысын көмек ретінде аударды , Тараз қаласындағы сауықтыру лагеріне келген бүлдіршіндерді қажетті заттармен қамтамасыз етуге ат салысты . Сонымен қатар 2019 жылдың 14 тамыз күні Қырғызстан мемлекетіндегі Ысстық-көлде демалып, сауығып келген Арыстың 150 баласына №7 Бетқайнар колледжі өз есігін қуана-қуана ашты . Кішкентай қонақтар және олардың тәлімгерлері тамақтанып , үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен аттанады.
Айтып келмейтін оқыс оқиға кезеңдерінде көмектесу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп білеміз.
https://betkainar-college7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/148-arys-biz-birgemiz.html#sigFreeId1d76e8ded8












