"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы  ауылында 2018 жылдың 15 қыркүйегінде құрылғандарының 135 жылдығын атап өтті. Мерекеге Қытай, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өнірінен дунгандар делегациясы келіп қатысты. Қазақстандағы Қытай елшісі Чжоу Ли осы күні орнатылған ескерткіштін алдын ашты. Ескерткіш бетінде: «Дунган халқына келіп тускен қиын күндерде қол ұшын созған Ұлы қазақ халқына-үлкен Рахмет!-деген жазбасы бар.

 

Қазақстан жерінде 50-60 мыңға жуық дунған халқы тұрады. Көп бөлігі Жамбыл облысысындағы Масаншы және Сортөбе ауылдарында тұрады. Көбісінің ата-бабалары Шэньси және Ганьсу қытай елдімекендерінен шыққан.

 

№7 Бетқайнар колледжінің II кешені Сортөбе ауылында орналасқан, филиал қызметкерлері мен студенттердің 90 пайызы дунган ұлты болғандықтан «Дунган этносының мәдениет күніне белсенді атсалысты. Қазіргі дунған халқы еліміздің қоғамдық өмірінің белсенді атсалусышылары. Сонымен қатар Жамбыл облысында «Вынхуа» дунған ұлттық-мәдени орталығы мен №7 Бетқайнар колледж студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының ең белсенді этно-бірлестіктердің бірі болып табылады!