Мұғалімдер күніне орай «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты мерекелік шара өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне орай «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара барысында облыс әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы адамзат көңілінің көкжиегін ағатушылық қызметімен нұрландырып жүрген ардақты ұстаздарды мерекемен құттықтап, олардың ізгі еңбектері және қазақстандықтардың жас ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жылдағы дәстүр бойынша үздік ұстаздар мен белсенді мамандар түрлі марапаттарға және сыйақыларға ие болды. Соның бірі N7 Бетқайнар колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының арнайы пән оқытушысы Джумашева Нуржан Алиясқарқызы "МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ" номинациясы және 150 мың тенге сертификатымен марапатталды.
Нуржан Алиясқарқызы марапатыңыз құтты болсын!
Колледжіміздің әр ұстазы тек биіктерден көріне берсін.
https://betkainar-college7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/537-m-alimder-k-nine-oraj-aldyr-an-izi-m-gilik-atty-merekelik-shara-tti.html#sigFreeId17751ae21a












