
Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді Жаңа 2020 жылымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз!
Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Келер жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілейміз! Денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз баянды, көңіл-күйлеріңіз тамаша болсын!
Алдағы жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын!
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша Жамбыл облысы қызметкерлеріне бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейміз!
№7 Бетқайнар колледжі ұжымы












