"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

 26. 04. 2024 жылы Қордай АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Тенизбаев Бекзат Алибекулы №7 Бетқайнар  колледж студенттерімен  кездесті.Инспектор мен ДТІЖО - Д. Картамбаев  «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық» атты тақырыбында алдын алу мақсатында сұхбат жүргізді. Кездесу барысында инспектор студенттерді мынадай қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі атқаратыны және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді. Сұхбаттың соңында студенттер өз сауалдарына жауаптар алды.