"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

🔰 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжінде өндірістік оқыту шеберлері арасында колледжішілік "Өндірістік оқытудың үздік шебері - 2024" кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Лосыева Айше Сулеймановна 1 орынды, Арли Зульфия Ахметовна 2 орынды, «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Щилязов Айдир Каримович 3 орынды, Бор Щисыр Ихырович «Мамандықтағы шығармашылық» номинациясын иеленді.

Байқаудың мақсаты: Өндірістік оқыту шеберлерінің еңбегі мен кәсіби шеберлігінің беделін арттыру, өз тәжірибесінде өндірістік оқытудың заманауи формаларын қолдануға бағыттау, педагогикалық шығармашылықты, өндірістік оқыту шеберлерінің авторлық бастамасын дамытуды қолдау.