Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Үздік кәсіби бағдар беруші - 2024» облыстық бейнероликтер байқауы өтті. 2024 жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ТжКББ ұйымдарындағы педагогтердің қоғамдық маңызы бар кәсіби бағдар беру қызметіне шығармашылық көзқарасын жандандыру, аймақтық еңбек нарығының мүдделерін ескере отырып колледж мамандықтарын дәріптеу және колледждер арасында үздік кәсіби бағдар жұмысын анықтау мақсатында «Үздік кәсіби бағдар беруші - 2024» бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі өтті. Аталған облыстық байқауға қатысуға 31 қатысушы өтінім беріп, әлеуметтік желілерге орналастырған бейнероликтерін комиссия мүшелері бағалау қорытындылары бойынша 7 Бетқайнар колледжінің әдіскері Абдулмақсут Айнур III орынды иеленді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Картамбаев Данияр Куанышұлы байқауға қатысқаны үшін "Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту" орталығы басшысының алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
https://betkainar-college7.edugov.kz/kz/adistemelik-zhum/587-zdik-k-sibi-ba-dar-berushi-2024.html#sigFreeId013eb9daf1












