2022 жылдың 14 желтоқсанында «Береке» Гуманитарлық - техникалық колледжінде «Жаңа Қазақстан - ел тірегі, білімді ұрпақ!» - тақырыбында білімгерлердің ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған конференцияға аудан колледждері білімгерлері мен Қырғызстан Республикасының инновациялық технологиялар және экономика колледжі білімгерлері қатысты. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Фермер шаруашылығы" мамандығының 3 курс білімгері Сапарбай Ахмет Абайұлының "Жамбыл облысы жағдайында лимон жемісінің жылыжайда өсіру технологиясы" тақырыбындағы баяндамасы "Техника бағытындағы даму үрдісі" бағыты бойынша үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының 14 топ студенті Уразмет Айнураның "ТӘУЕЛСІЗДІК АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ" тақырыбындағы баяндамасы "Тәуелсіздік аясында білім мен ғылымның үдерісі" бағыты бойынша үздік деп танылып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қос білімгердің ғылыми жетекшісі Абдулмаксут Айнур алғыс хатпен марапатталды.
https://betkainar-college7.edugov.kz/kz/adistemelik-zhum/476-zha-a-aza-stan-el-tiregi-bilimdi-rpa.html#sigFreeIddbb23fc5bd












