"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында №7 Бетқайнар колледжінде «Тіл – достықтың кепілі» тақырыбында тілдер апталығының ашылу жиыны салтанатты түрде өткізілді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда тұр. Ашылу салтанатында «The role of English in the modern world», «Қазақ тілінің мәртебесі» тақырыбында баяндамалар оқылып, білімгерлер би билеп, ән айтып, күмбірлетіп күй ойнап, поэзия оқып өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Кеш соңында орыс, қазақ халықтарының ұлттық тағамдарын көрермендерге таныстыру үшін дастархан жайылды. Ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында қазақ тілі пән мұғалімдері «Қарын бүрме» тағамын көпшілікке таныстырды.