"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Бүгін тілдер апталығының аясында 7 Бетқайнар колледжінде "Brain CHAMPION" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты үштілділікті насихаттау, білімгерлердің тіл үйренуге құштарлығын ояту, ана тілімізді, тарихымызды насихаттау. Жарысқа 1-2 топ білімгерлерінен "Қыран", "Элита", "Барыс" атты топтар бәсекеге түсті. Әділқазылардың шешімімен бірінші орынды 14 топ білімгерлері "Қыран" тобы жеңіп алды, қалған топтар бәсекеге қабілеттіліктерін көрсетіп, екінші, үшінші орынды өзара бөлісті. Сайыс тартысты әрі қызық өтті.
Іс-шараны арнайы пән оқытушылары Абдулмаксут Айнур мен Жақсылықов Қуаныш үш тілде жүргізді.