"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

2024 жылдың 23 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім. Еңбек. Табыс» атты облыстық форумы өтті.

Жұмысшы кәсіптерді дамыту және жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл форумға Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, Алматы, Жетісу және Маңғыстау облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) саласының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік серіктестер, облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің директорлары мен колледж түлектері қатысты.