22 қыркүйек күні №7 Бетқайнар колледжінде "Еңбек жолы" атты іс
22 қыркүйек күні №7 Бетқайнар колледжінде "Еңбек жолы" атты іс - шара жоспары бойынша "Еңбек адамы" тақырыбында Бетқайнар ауылының дамуына үлесін қосқан еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты еңбек адамдары жайлы оң пікір қалыптастырып, жастарды еңбек арқылы тәрбиелеу.
Іс - шара барысында еңбек ардагерлері студенттерге өздерінің еңбек жолдарымен таныстырды. Студенттер келген еңбек ардагерлеріне сұрақтарын қойып жауаптырын алды. Шара соңында студенттерге өздерінің батасын берді.
Ақмолдаев Оңлан Осекеевич.
1942 жылы 24 маусымда Роза Люксембург(қазіргі Бетқайнар ауылы) ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1958 жылы Роза Люксембург колхозында трактор дт54 жүргізушісі болып жұмысын бастаған.
1964жылдан 1993 жылға дейін савхозда жүргізуші болып жұмыс атқарды.
1993 тен 2005 жылға дейін фермада жұмысшы болып істеді.
1972 жылдары Кордай ауданының бірінші хатшысынан қант қызылшасын өсіруіне үлесін қосқаны үшін қола төс белгісін алды.
Звеневой Алексеев ауылының дамуына үлесін қосқан үшін қола төс белгісіне ие болды.
Абылкасымов Лятив Мамедхасанович
1952 ж 1 қыркүйекте Успеновка ауылында дүниеге келді.
1970 жылы Р. Люксебург атындағы совхозда малшы болып жұмысын бастады .
1971 жылы совхозда жүргізуші болды.
1978 жылы техникумның инженер механик мамандығын аяқтады.
1980—1983 жылдары Роза Люксембург совхозында механик болып жұмыс істеді.
1984-1985 жылыдары бригадир лауазымында жұмыс атқарды
1985 жылы Успеновка совхозында техника қоймасының меңгерушісі болып ауысты.
Сол жұмыстан зейнетке шықты.
Совхоздың дамуына үлесін қосқаны үшін мадақтамаларға ие болды.
Қазіргі таңда Қордай ауданының Айзербаджан диаспарасының төрағасы болып жұмыс атқарады.












