31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада «Алаш идеясы - ұлттық біругідің алғышарттары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен студенттерді тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.













