Бетқайнар колледжінде бопсалау, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2025 жылдың сәуір айында Бетқайнар колледжінде студенттер арасында бопсалау, буллинг және кибербуллинг тақырыптарында сауалнама жүргізіліп, кең көлемді түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында орын алуы мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру болды.
Түсіндірме жұмыстары барысында буллингтің түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары, сонымен қатар кибербуллингтің интернеттегі көріністері жан-жақты түсіндірілді. Студенттерге мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі, кімге жүгіну керек екендігі нақты мысалдар арқылы жеткізілді. Сонымен қатар, бопсалау әрекеттерінің ҚР заңнамасындағы жауапкершілігі туралы да ақпарат берілді.
#бетқайнарколледжі #жұмысшымамандықтаржылы












