"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Әз-Наурыз тойлау барысында қазақтың ұлттық ойындары көрсетіліп студенттердің қазақтың ұлттық ойындарына деген құрметі одан әрі арта түсті.
⚜️ Мерекелік шара, 1 курс 14 топ студенті Исағұл Марзияның "Ауылым" әні шашуынан басталып, киелі домбырадан төгілген күмбірлеген "Еркемай" әні колледж студентерінен құрылған оркестрі мен қыздардың мың бұралған биі көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.
Ұлттық ойын “асық ату” ойыны туралы ақпарат беріліп, студенттердің қатысуымен асық ойнаудан жарыс болды. Арқан тарту, тоғыз құмалақ, бес тас, күрес, қол күрес жарыстары жалғасын тапты.