2021 жылдың 4 қарашасында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері туралы» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігі "Дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша бөлімінің инспекторы: Саидов Мухтор Алексеевич студенттермен кездесті. Кездесу диалог түрінде өтті, оның барысында қазіргі діни ахуал жағдайында қоғамның ішкі тұрақтылығы мен дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайту мәселелері қаралды.
Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор, жастарға барлық қызықтыратын сұрақтарға білікті маманның жауабын алуға мүмкіндік береді













