"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бастамасымен 7 Бетқайнар колледжінде 1 курс білімгерлерінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай "Тіл рухани жаңғыру - тетігі" атты мерекелік іс - шара өтті. Іс - шара рухани жаңғыру және үштұғырлы тіл негізінде үш тілде жүргізілді, осы тақырыпта баяндама оқылды. Мерекелік кештің мақсаты Қазақ халқының негізгі рухани құндылық­тары қазақ тілінің мәртебесін көтеру және Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын білімгерлерге түсіндіру.

Білімгерлер қазақ, орыс, ағылшын, Әзербайжан тілінде тілге қатысты поэзиялар оқыды, мақал - мәтелдер,нақыл сөздер айтып жарысты, би биледі. Жиын соңында оқытушылар бұл мәселелерге қатысты өздерінің ой - пікірлерін білдірді.