1 қыркүйек - Білім күні Бетқайнар колледжінде 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы тәрбие сағаттары «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында өткізілді. Білімгерлерден тәрбие сағаттарынан алған әсерлерін білу мақсатында сұхбат алынды.
Жалпы тәрбие сағатының мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Құндылықтарды дарыту: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;












