2021 жылдың 12-14 сәуір аралығында Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «30 игі іс» акциясының аясында №7 Бетқайнар колледжінің қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған тізімдегі көмекке мұқтаж Қордай ауданында тұратын 3 отбасына қайрымдылық жасалды. Атап айтқанда Қордай аулында тұратын аз қамтылған, онкология ауруына шалдыққан Умержанова Еренсіз апайға дәрі дәрмек, азық түлікпен көмек көрсетілді. Қордай ауылы Титова көшесі №4 жалдамалы үйде тұратын жалғыс басты ана Дарибаева Айжан Айтбековнаға азық түлік және 2 дана төсек – орын тысы берілді. Қордай ауданы Қалғұты аулы Тыңдала №8 үйде тұратын Алиева Зульфия Кудратовнаға дарбазасын сырлап, дәнекерлеу жұмысын жасап, бақшасын қопсытып, шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді.












