Күні: 28.05.2025
Өткізілген орны: №7 Бетқайнар колледжі
Іс-шараның мақсаты:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп, №4 Үлгілік базалық бағыт жобаларын іске асыру және комплаенс-қызметіне жауапты мамандарға арналған семинар өткізді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Қаржылық бақылау тетіктерін сақтау: Заңмен белгіленген талаптарды орындау бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптар: Агенттік өкілдері комплаенс-қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын баяндап, қатысушыларды белсенді болуға шақырды.
Комплаенс-қызметінің негізгі міндеттері: Ішкі талдау жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.
Төрт негізгі бағыт:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Қорытынды:
Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік нұсқаулар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері талқыланды. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар комплаенс-қызметінің маңыздылығын түсініп, өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.












