"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

ІІІ-тур: Бук слэм – (Book slam) - кітап жарнамасы. Book Slam: Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасы!

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өтетін «Жылдың үздік оқырманы» облыстық байқауының қатысушысы – 1-курс студенті Жұмабаева Жұлдыз.

Бұл шығарманың әр беті оқырманды Қожаның өміріндегі шытырман оқиғаларымен қызықтырады. Оқуға құмарлықты оятып, әр адамның балалық шағына саяхат жасатады.

"Менің атым Қожа" – жай ғана кітап емес, ол балалық шақтың қымбат естелігі.

Қожаның мінезіндегі тапқырлық пен шынайылық кез келген оқырманды кітаптың соңғы бетіне дейін баурап алады.

Жұлдыздың жарнамалық бейнеролигі сізді бұл керемет туындыны оқуға шабыттандырады. Жұмабаева Жұлдызға байқауда сәттілік тілейміз!

#BookSlam #МеніңАтымҚожа #БердібекСоқпақбаев #ЖылдыңҮздікОқырманы #КітапӘлемі #ОқуШабыт