🔰Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Алғыс айту күні – бұл рақметіңді айтуға болатын ерекше мүмкіндік. Осы мереке қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің №7 Бетқайнар колледжінде еңбек еткен зейнеткерлерді колледж ұжымы құттықтап, аға ұрпақ өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі.












