"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

2022 жылдың 28-29 сәуір күндері №7 Бетқайнар колледжінің базасында "Киімдерді үлгілеу және дизайн" құзыреттілігі бойынша "Worldskills Jambul-2022"өңірлік чемпионаты өтті.
Конкурстың мақсаты: жұмысшы мамандықтың беделін арттыру және "тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу"мамандығы бойынша студенттердің шеберлік дағдыларын дамыту.
Чемпионатқа Тараз сервис және технология, 10Шу, Құлан агротехникалық жоғары, 7 Бетқайнар колледждерінен 6 студент қатысты.
Сарапшылар: Dana-Del компаниясының басшысы Бахыткуль Егембердиевна @dana_del.kz, Әлібек Ғаниұлы "Аспара" модельдік өнер және бизнес колледжінің дизайнері, шетелдік қонағы Fashion Designer Толгонай, BAIRA @baira_kg халықаралық атымен бренд иесі.
Біздің колледжден 2-курс студенттері Бор Назира мен Хонан Амина қатысты. Ұзақ және қажырлы жұмыс өз нәтижесін берді. Біздің қатысушылар 2 және 3-ші орындарға ие болды.
Байқау соңында тәуелсіз сарапшылар чемпионаттың барлық қатысушыларына алғыстарын білдіріп, брендтік өнімдерін сыйлық ретінде ұсынды.