"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №7 Бетқайнар колледжі"
"Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Кел көшесі №1"
8726362-51-49

05.01.2024 ж. №7 Бетқайнар колледжінде Қамқоршылық кеңестің ІІ отырысы өтті. Кеңес отырысына қамқоршылық кеңес төрайымы Н. В. Данельханова және кеңес мүшелері, колледж директоры Г. Е. Алимбаева қатысты.Колледж директоры Г. Е. Алимбаева қамқоршылық кеңестің маңыздылығы мен ұжымның атқарып жатқан жұмысы туралы айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. К. Картамбаев Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бұйрығымен бекітілген кеңес мүшелері тізімімен таныстырып Қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеттерін айтты. Шара барысында жатақхана меңгерушісі А. Мырзагельдиева күрделі жөндеуден өткен жатақхананың тұрмыс жағдайы мен материалдық базасы туралы баяндады. Колледж әдіскері А. Абдулмақсутқызы колледж педагогтердің жетістіктері мен тігін фабрикасы бойынша баяндады. Сонымен қатар 2023 - 2024 жылға арналған жоспар талқыланып, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері өз ойларын, ұсыныстарын айтты.