29 сәуір күні Қордай ауданы, Бетқайнар ауылдық округіне қарасты Соғанды ауылында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Өнегелі ұрпақ» тақырыбында №7 Бетқайнар колледжінің ерікті жастары Мамбеталиевтер отбасылық бақшасына жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Жастардың мақсаты - Президенттің бастамасына қолдау көрсете отырып, өзге де тұрғындарды тазалық акциясына атсалысуға шақыру, қарттарға қамқорлық, құрмет көрсету болды. Осы ретте жастар қолдарына күректерін ұстап, жеміс ағаштарын егіп, қарияның бақшасын тазалап берді. - Мен осындай мейрімді жастардың барына қуанамын. Бүгін көктемнің шуақты күнінде үйге келіп жылы сөздерін айтып, үй шаруасына көмектесіп, ауламды және бақшамды тазалап берді. Жастармен бірге шай ішіп, көңілім көтеріліп қалды. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деймін. Елімізде көмекке мұқтаж жандар бар. Жасымыз келгенен кейін үй шаруасына жарамаймыз, - дейді бағбан Г.Мамбеталиев. Өз кезегінде белсенді жастар қарияларға көмек көрсету өскелең ұрпақтың парызы екенін атап өтіп, осындай ізгілікті істер өзге де елді мекендерде ұйымдастырылса деген тілегін де жеткізді.
https://betkainar-college7.edugov.kz/ru/volonterstvo/602-lkendi-rmettejtin-negeli-rpa.html#sigFreeId76268a02b6












