ТЖКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында "Өндірістік оқытудың үздік шебері - 2024" облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 09 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында облыстық "Өндірістік оқытудың үздік шебері - 2024" кәсіби шеберлік байқауына №7 Бетқайнар колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының өндірістік оқыту шебері Лосыева Айше Сулеймановна қатысты. Кәсіби шеберлігін және шығармашылық жұмыстарын дамытуға, мамандықтың беделін көтеруге, кәсіби біліктіліктерін дамытуға бағытталған байқауға облыс колледждерінен 14 өтінім түсті. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Лосыева Айше Сулеймановна "Іскер шебер" номинациясымен мараппатталды. Құттықтаймыз!!!
https://betkainar-college7.edugov.kz/ru/metod-rabota1/586-ndiristik-o-ytudy-zdik-sheberi-2024.html#sigFreeId95f1fb0531












